Регель қызғалдағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Регель қызғалдағы немесе Грейг қызғалдағы (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасы қызғалдақ туысына жататын өсімдік.

Өсетін жері

Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін эндемик өсімдік. Регель қызғалдағы қолдан өсіруге оңай көнеді, бірақ құрғақ және күн жақсы түсетін топырақты қажет етеді. Бұл түр әсемдігі жағынан аса құнды емес, сондықтан ботаникалық бақтарда аз кездесетіндіктен ерекше түр ретінде сақталады. Әсемдік сапасы жоғары болмағанмен теориялық мәні бар. Азайып кетуіне байланысты қорғауды қажет етеді.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Tulipa regelii.jpg
Айтау тауындағы (Шу-Іле таулары) Регель қызғалдағы
  • Регель қызғалдағының биіктігі бар болғаны 5-10 см ғана болатын шағын түр.
  • Пиязшығы жұмыртқа пішінді, оның сыртын қатты және қоңыр қабықша қаптап жатады, диаметрі 3 см.
  • Ұшы үшкірленіп келген сопақша, жалпақ қандауыр тәрізді, сырты тегіс және жасылдау келген немесе сұрғылт түсті жалғыз жапырағы бар. Ол жапырақ сабақты гүл жағынан қапсыра орап жатады.
  • Гүлі кішкентай, ұзындығының бар болғаны 3 см ғана. Гүлінің ішкі жағы ақ, оның кішкене сары жолағы бар, сырты қызғылт қара-көк түсті. Гүл қоршауының екі есе қысқа аталығының тозаң қабы ашық жатады, ұзындығы 5-7.
  • Табиғатта сәуір айының аяғында, Ташкент ботаника бағында өсірілгендері наурыз айында гүлдейді.

<ref>Қ.Сыбанбеков. "Жасыл әлем сырлары"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер