Ревю

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ревю(Үлгі:Lang-fr-шолу) - театр өнерінің бір түрі.

Ревю бір тақырыпқа бағындырылған сахналық көрініс немесе эстрадалық, вокальдық, хореографиялық нөмірлерден құралады; кейде құрамына цирк ойындары да енеді. Ревю 18 ғасырдың аяғында Францияда пайда болды. Ол алғашқыда әдеби шығармадағы жайттарды сықақ-пародия түрінде суреттеумен шектелді. Бертін келе әдеби-көркем Ревюдің орнына Франция төңкерісі оқиғаларына дер кезінде үн қосқан публицистикалық шолу келді. Ревюдің бұл түрі Париждің бульварлық театрларынан түбегейлі орын алды. 19-ғасырдың 2-жартысында Ревюдің осы екі түрі негізінде француз комедия театрлары репертуарынан орын алған "жылдық шолу" пайда болды. Ол саяси, ғылыми, әдеби және тұрмыстық мәселелерді қамтыды. Ревю 19-ғасырдың аяғында варьете және мюзик-холл секілді жаңа жанрлардың тууымен байланысты біршама тоқырады. Ол өзінің бұрынғы сатиралық бағытынан айырылып, демонстрациялық көріністер қаңқасына айналды. Ал мюзик-холл Ревюді сахналық эффектілер, қосымша нөмірлермен байытты. Осының негізінде үлкен Ревю пайда болды. Төңкерістен бұрынғы Ресейде Ревю жанры баяу дамыды. Қазан төңкерісінен кейін публицистикалық театрға ден кою артқан шақта саяси және әлеуметтік-тұрмыстық Ревю жаңа белеске көтерілді. Ревю - сатира және шолу театры репертуарынан орын алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}