Революцияға дейінгі орыс оқу орындарындағы қазақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Революцияға дейінгі орыс оқу орындарындағы қазақтар Ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті,ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінін орыс оқу орындарында білім алғаның ұмытуға болмайды.Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.141 Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тэукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды.142 «Этнография бөліміне еңбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашқы мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын. Қазақтар оқыған оқу орындарының бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардын ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде оқыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының қабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды.

Осы кезенде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері шықты. Олар негізінен Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде, сондай-ақ С.-Петербургтің әскери-медицина академиясы мен университетіңде білім алды. Мәселен, 1868—1913 жылдарда Қазан университетінің медицина факультетін қазақтың 30 жас дәрігері бітіріп шыққан. Қазан университетінің медицина факультетін 1887 жылы бітірген алғашқы қазақтардың бірі Мұхамеджан Қарабаев болатын. Оны бітіргеннен кейін ол Қостанайда, Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездерінде дәрігер болып істеді. 1892 жылы М. Қарабаев медициналық қызмет көрсету саласындағы патшалық саясатты сынағаны үшін Орынбор әкімшілігінің қырына ілігіп, аз уақытқа Самараға кетуге мәжбүр болды. Содан сон Ырғыз уезінде дәрігер болып жұмыс істей жүріп, өлкенің қоғамдық өміріне белсене қатысты. 1895 жылы ол Торғай комитетінің толық мүшесі болып сайланды, орыс дәрігерлерімен бірге медициналық қызмет көрсетуді түбірінен өзгерту және қазақ халқы арасынан медицина кадрларын даярлау жолында күресті. Революцияға дейінті Қазақстандағы оба ауруының тұңғыш маманы М. Шомбалов - 1899 жылы, Ә. Алдияров - 1904 жылы Қазан университетінің медицина факультетін, Н. Ипмағамбетов С.-Петербург медицина академиясын 1911 жылы бітірді. Олар қазақ халқына медициналқ қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көп іс тыңдырды, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене қатысты. Қазан университеті ұлттық зиялылардың алғашқы кадрларын қалыптастыруда зор рөл атқарды. Қазан мал дәрігерлік институтын қазақтар арасында алғашқы бітірушілер М. Ақтанов, Е. Қүлпейісов, М. Жасмағамбетов, Ф. Иманбаевтар болды. Ә. Бөкейханов С.-Петербург Императорлық орман институтын 1894 жылы үздік бітіріп шықты. Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, [[М. Шоқаевтар С.-Петербург университетінің заң факультетін бітірді. С. Жантөрин, Б. және Ә. Ниязовтар, С. Нұралыханов және басқалар С.-Петербург, Қазан, Томск, Мәскеу университеттерінің заң факультетінде оқып жоғары білім алды. 1906 жылы Император 1 Александр атындағы С.-Петербург Жол қатынасы институтың М. Тынышбаев бітіріп шықты. X. Досмұхамедов С.-Петербург Императорлық Әскери медицина академиясын 1909 жылы бітірді. 1902 жылы С. Аманжолов Верный гимназиясын бітіргеннен кейін Қазан университетінің заң факультетіне түсті. Верный гимназиясының басқа да түлектері: Т. Есенқұлов, И. Дүйсенбаев, Ж. Жақыпбаев, И. Жақсылықов Ресей империясының жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Жетісу өлкесіндегі алғашқы жоғары білімді қазақ зиялыларының бірі Б. Сыртанов 1891 жылы С.-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірді. Осы оқу орнын 1887 жылы Б. Құлманов та үздік бітірген еді. Ә. Ермеков Семей гимназиясын, содан соң Томск технологиялық институтын, X. Ғаббасов Мәскеу университетінің физика-математика факультетін бітірген. Сонымен Ресей оқу орындары революцияға дейінгі кездің өзінде — XIX ғасырдын екінші жартысы - XX ғасырдың басында білімді адамдар тобының кеңеюіне, әрбір халықтың ұлттық зиялыларының қалыптасуына жәрдемдесті.<ref>145 Дулатов М.Ұрпакка хат// Дала дидары, 1991, 8 мамыр. 146 Байтурсынов А. Бастауыш мектеп /Казак, 1914, №87. 147 Материалы по истории политического строя Казахстана. А., 1960, т. 1, 460-6. 148 Тынышбаев М. Ресей Министрлер Комитетінін Төрағасына хат //Өркен, 1991, 28 желтоқсан. </ref>

Дереккөздер

<references/>