Ревмокардит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ревмокардит — балалардың және жас жеткіншектердің ауруы. Бұл ауру стрептоккоктік баспамен ауырғаннан кейін 1—3 аптадан соң басталады.

Негізгі белгілері

  • Қызу.
  • Буындары, әсіресе білезіктері мен толарсақтары, содан соң тізесі мен шынтағы қақсайды. Буындары ісініп қызарады, ысиды.
  • Терінің астында қызыл қисық сызықтар, түйіршіктер пайда болады.
  • Қауіпті жағдайларда әлсірейді, демалысы жиілеп жүрегі ауыруы мүмкін.

Емдеу жолдары

  1. Егер сіз балаңыздың ревмокардит екеніне сезіктенсеңіз дәрігер шақыртыңыз. Созылып кетсе, жүрекке залалы тиюі мүмкін.
  2. Көп мөлшерде аспирин ішіңіз. 12 жастағы жеткіншек күніне 6 рет әрқайсысы 300 мг 2 немесе 3 дәріден ішуіне болады. Ішті ауыртпауы үшін сүтпен немесе тамақпен араластырып ішкен дұрыс Егер құлағыңыз шулай бастаса, дәріні азайтыңыз.
  3. Пенициллин беріңіз.

Алдын-алу

  1. Ревмокардитті болдырмау үшін баспаны 10 күн бойы пенициллинмен емдеңіз;
  2. Ревмокардит қайтадан қайталанбауы үшін және оның жүрек ауруына асқынбауы үшін бұл аурумен бір рет ауырған баланы баспа ауруының алғашқы белгісі білінісімен-ақ 10 күн бойы пенициллинмен емдеу керек. Егер жүрек ауруының белгісі білінсе пенициллинмен тұрақты түрде немесе бір ай бойы. Бензатин пенициллинмен қалған ғұмырына емделуі мүмкін. Тәжірибелі медицина қызметкерінің немесе дәрігердің кеңесін орындаңыз.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}