Реверберация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Реверберация<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (кейінгі лат. reverberatіo — шағылу, лат. reverbero — лақтырып тастаймын) — жабық бөлмедегі дыбыс көзі ажыратылғаннан кейінгі дыбыстың біртіндеп өшу процесі. Бөлмедегі ауа көлемін (кеңістігін) меншікті жиіліктерінің саны өте көп тербелмелі жүйе деп қарастыруға болады. Меншікті тербелістердің әрқайсысы өшу коэфф-мен сипатталады. Сондықтан дыбыс көзінен шыққан әр түрлі жиілігі бар меншікті тербелістер бір мезгілде өшпейді. Реверберацияның бөлмедегі сөздің және музыканың жақсы естілуіне едәуір ықпалы бар. Дыбыс баяуырақ өшкен сайын Реверберацияның әсері күштірек білінеді. Реверберацияның ұзақтығы Реверберация уақыты деп аталатын шамамен сипатталады. Реверберация уақыты — бөлменің акуст. сапасын анықтайтын басты фактор.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Реверберация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}