Рақымбай Сатаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатаев Рақымбайжурналист, баспагер. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жуалы ауданының құрметті азаматы.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.1938 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы]] Жуалы ауданындағы Амангелді ауылында туған. 1958—1961 жылдары әскер қатарында болып, 1966 жылы [[әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті]]нің журналистика факультетін бітірген. Еңбекжолын 1965 жылдың наурызынан Қазақ телевизиясында тілшілік қызметпен бастады. Аға редактор, бас редактордың орынбасары болды. "Көгілдір экран" арқылы халық шаруашылығының көптеген салалары бойынша телехабарлар дайындап, комментаторлық міндетті қоса атқарды. 1977-1988 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінде ұстаздық етіп, журналист кадрларын даярлауға елеулі үлес қосты. Факультет партия ұйымының хатшысы, деканның орынбасары болды. 1988 жылдан Жамбыл облыстық, Алматы қалалық журналистер бөлімшесінің, 1993—2001 жылдары Қазақстан Республикасы Журналистер одағының жауапты хатшысы.

2001 жылдан "Өнер" және "Білім" баспаларында редакторлық, аудармашылық жоне құрастырушы қызметтерін атқарып келеді. "Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдени Орталығы", "Абай атындағы Опера және балет театры", "Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры", "ҚР-ның Прокуратурасы", "Халық даналығы" (авт. академик Ә.Хайдаров), "Білім айдыныңдағы ақ кеме", "Жаңа ғасырға — Жана ән", өнер адамдары жайлы "Асылдар мен Ардақтылар", "Қазақтың ою-өрнектері", "Дала дауысы" сияқты кітаптарды редакциялап, Шәкен Айманов, Бауыржан Момышулы, Құрманбек Жандарбеков жайлы кітаптарды, "Жеңіс — Победа — 60" фотоальбомын және т.б. құрастырды. Бірнеше деректі фильмдерді, экономика тақырыбына арналған кітаптарды қазақшаға аударды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}