Рахымбек Мәлікұлы Сабатаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахымбек Мәлікұлы Сабатаев (1904, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезінің Елтай ауылы — 19.12.1982, Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласы) — қазақтың тұңғыш энергетик-инженері, елді электрлендіру саласындағы көрнекті қайраткер, КСРО энергетика және электрлендіру ісінің үздігі (1964). Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін (1927) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген (1934). Ленинград түбіндегі Кашир, Үлбі, Алматы, Өскемен, Бұқтырма СЭС-терін салуда жетекші инженерлік қызметтер атқарды. Ертіс — Қарағанды каналының бас энергетигі, бас инженері болды. Кашир СЭС-ін салу барысында ағылшын мамандарымен тіл табысып жұмыс атқарғаны үшін “ағылшын тыңшысы” деп танылып, қазақ даласындағы ашаршылыққа мемлекет басшылары кінәлі деген пікір білдіргені үшін қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз айыпталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен (1948), Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Исабаев І., Ертістің жағалауын жағалаған, “Социалистік Қазақстан”, ғ175, 1966;</ref> <ref>Смағұл Б., Қазақтың тұңғыш энергетик-инженері, ”Арқа ажары”, 18 наурыз, 2004.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рахымбек Мәлікұлы Сабатаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}