Рахметбай Байназарұлы Телеубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахметбай Байназарұлы Телеубав - (22.1.1935, бұрынғы Талдықорған облысы Гвардия ауданы Шанхай а. - 29.12.1987, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). 1959 ж. ҚазҰПУ-ды, ал 1968 ж. Қазақ академия драма театрының студиясын бітірді. 1959 жылдан "Қазақфильм" студиясына қойылған көркем фильмдерге қатысып ойнай бастады. Онын орындаған рольдері: Сланов ("Біздің ұлымызда", 1959), Әскен ("Ән шақырады", 1961), Дәуқара ("Найзатас баурайында", 1969), т.б. 1968 - 1985 ж. Қазақ академия драма театрының, 1985 - 1987 ж. Қазақ театрының (қазіргі Қазақ академия жастар мен балалар театры) кұрамында актер болып, Тайман (Ә.Тәжібаевтың "Майрасында"), Кеңгірбай, Есен, Қазан (М.Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қара қыпшақ Қобыландысында"), Айдар (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -Баян сұлуында"), Шораяқ (Ш.Қүсайыновтың "Алдар көсесінде"), Мұса(С.Мұкановтың"Шокан Уәлихановында"), Хасен (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың "Беу, кыздарайында"), Мергенбай (Ш.Құмарова-ның "Кімнің тойында"), Әлмен (Қ.Ыскақовтың "Таңғы жаңғырығында"), Айтжан (С.Санбаевтың "Бір күты мұнайында"), Жуховец (А.В. Софроновтың "Әкімдігінде"), Бутон (М.А. Булгаковтың "Жендеттерінде"), Баптиста (У.Шексиирдің "Асауға түсауында") секілді әр алуан рольдерде ойнады. Кезінде оның есімікөп сериялы "Қымызхана"теле-спектакліндегі Окірешролінің орындаушысы ретінде танымал болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}