Раушаннық жасыл биті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Macrosiphum rosae 5422189.jpg
Раушаннық ЖАСЫЛ БИТІ

Раушаннық ЖАСЫЛ БИТІ<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (Macrosіphum rosae) — өсімдік зиянкесі; ірі, жасыл түсті, жылтыр, кейде күрең түсті, құйрығы ұзынша келген қылыш тәрізді жәндік. Қазақстанда кең таралған. Жұмыртқалары бір жылдық өркендерде қыстайды. Дернәсілдері көктемде, сәуір айында шығып, жас бүршіктерді зақымдаса, ересек биттері жапырақтардың, гүл шанақтарының, өркендердің сөлін сорып, зиян келтіреді. Зақымданған жапырақтар ширатылып, өркендері бұратылып, гүл шанақтары ашылмай қалады. Биттердің саны жаздың 2-жартысында күрт көбейеді, жылына 4 — 7 ұрпақ беріп дамиды. Күресу шаралары: өсімдіктерге 4 пайыздық сабын ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген инсектицидтер бүркеді.

Дереккөздер

  • <references/>

Толықтыру

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub