Рамакришна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Person Рамакришна (сопылық есімі; шын аты — Гададхар Чаттерджи, Үлгі:Lang-bn, Үлгі:Lang-bn;) (18. 2. 1836, Камарпукур, Бенгалия—16.8.1886, Калькутта) — неоиндуизмнің өкілі, гуманизм идеяларын насихаттаушы, Үндістан қоғам қайраткері. Рамакришнаның көзқарасы үндістандағы ірі діни ағымдардың және йогтардың принципі бойынша мистицизммен іс жүзінде ұзақ шұғылдану ықпалымен қалыптасты. Рамакришна өзін веданттық абсолюттік идеализмнің ізбасары санай отырып, материалды дүниенің шындығын мойындайды. Сөйтіп Шанкараның абсолютті монизмі (адвайт) мен Рамануджидің шектелген монизмін (вишиштадвайты) біріктірмекші болады. Рамакришна Үндістанның және бүкіл адамзаттың қайта өркендеуі үшін әлеуметтік өмірдің бірден-бір ірге тасы болып табылатын діни рухты тарату қажет деп санайды. Адамның жер бетіндегі өмірінің ең жоғарғы мақсаты — тәңірін сүю және оған берілу арқылы жаратушыны тану дейді. Рамакришнаның өсиеттері арқылы үнді национализмінің идеологиясы әуел бастан-ақ діни сипат алады.<ref>Сайт штаб-квартиры монашеского Ордена и Миссии Рамакришны в Белур Матхе, Западная Бенгалия, Индия</ref><ref>Страницы на русском языке веб-сайта штаб-квартиры монашеского Ордена и Миссии Рамакришны в Белур Матхе, Западная Бенгалия, Индия</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер