Райым бекінісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Райым бекінісі – әскери бекініс. 1847 жылы Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына жақын жердегі Райым шатқалына патшалық Ресей салдырған. Райым бекінісі алғашқы кезде 954 адамнан құрылған гарнизоннан тұрды. Бекіністі салуға жергілікті халық мәжбүрлеу арқылы жұмылдырылды. Патша өкіметі Райым бекінісін салуда сауда керуендерін тонаушылардан қорғау дегенді желеу етті. Ал, шын мәнінде, Райым бекінісінің салынуы Ресейдің Хиуа хандығына қыр көрсетуі әрі Түркістан аймағын отарлауға жасаған алғашқы қадамы еді. Хиуа хандығы Сырдария бойында Райым бекінісі секілді орыс әскери бекіністерінің салынуына қарсылығын оның төңірегіндегі қазақтарды талап-тонаумен білдірді. Бірақ әскери күші басым Ресей империясы Райым бекінісінің негізін қалаған соң, Арал теңізі мен Сырдария өңіріне өз ықпалын жүргізе бастады, орыс көпестерінің хиуалықтарға баж салығын төлеуін тоқтатты. Райым бекінісі 1851 жылы Арал бекінісі деп аталды, ал 1855 жылы таратылып, онда қоныс тепкен казак-орыстар фортқа (кейін Қазалыға) көшірілді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Райым бекінісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}