Райхан Әбікейқызы Сәтбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Райхан Әбікейқызы Сәтбаева (15. 11. 1912 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 1-ауыл) - қазақ терапевтісі, медицина ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Қазақ әйелдері арасынан шаққан тұңғыш терапевт-ғылым докторы.

Орта Азия медициналық институтын бітірді (1935, Ташкент). 1935 жылдан Алматы медициналық институтында госпитальдық терапия кафедрасында клиника ординаторы (1938-38), ассистент (1938-45), доцент (1945-50), ал 1951 жылдан госпидальдық терапия кафедрасының меңгерушісі. Оның 160-тан астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде «Силикоз» монографиясы т.б.). Бұл еңбектерінің көпшілігі жүрек, кан-тамыр ауруларына арналған. С. - Бүкіл одақтық тераевт қоғамының, Бүкіл одақтық кардиологтар және нефрологтар қоғамының басқарма мүшесі, сондай-ақ Республикалық Ғылыми терапевтер қоғамының және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы терапиялық мәселелер жөніндегі проблемалық комиссияның төрайымы болған.

Ленин орденімен және медальдармен марапатталды.<ref> Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер