Райхан Нәбиолдақызы Қалиолдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Райхан Нәбиолдақызы Қалиолдин (12 шілде 1962 жыл, Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылында туған) — қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі.

Жалпы мәліметтер

Әкесі - Қалиолдин Нәби Атабайұлы, мектеп директоры, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі болған. Анасы - Нұралина Шара Шудабайқызы, мұғалім болып еңбек еткен, ҚР Білім беру ісінің үздігі.

  • Алматы мемлекеттік театралды-көркемөнер институтын бітірген (1983), драма және кино актрисасы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Шығармашылығы

Ғ. Мүсіреповтың «Ақан Сері - Ақтоқты» (Ақтоқты), М. Әуезовтың «Алуа» (Жанар), М. Баджиевтің «Ерте ерте ертеде» (Зимха ханшайым), У. Шекспирдің «Махаббат айдыны» (Ева), Е. Елубаевтың «Асар» (Мекиен), М. Ахмановтың «Алдардың айласы» "Сипр" және өзге де спектальдерде ойнайды. Көптеген қазақстандық телесериалдар мен түрлі бағдарламаларға түскен танымал актриса.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның гүлденуі, гүлденген республика ретінде бүкіл әлемнің мойындауы». Хоббиі - оқу, серуендеу, немерелерімен әңгімелесу. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сүйіндіков Рүстем, айкидо, джиу - джитсу шебері. Қызы - Шөпшекбаева Аида; ұлы - Сүйіндік Аят.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}