Райхан Мұқанқызы Қалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалиева Райхан Мұқанқызы<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (30.10.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке қаласы) – тарих ғылымдарының кандидаты (1985), саясаттану ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997). Алматы шет тілдері институтын (1969, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) және Қоғамдық ғылымдар академиясын (1985, Мәскеу қаласы) бітірген. Жамбыл педагогика институтында (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) оқытушы, Жамбыл облысы комитетінде нұсқаушы, хатшы (1969–73), Қазақ КСР-і Жастар ұйымы комитетінің төрағасы (1973–82), Қазақстан ОК-де бөлім меңгерушісі (1985–87), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) проректор (1987–92), ҚР Президенті аппаратында аға референт (1993–94), Үкімет аппаратында, ҚР Премьер-министрі кеңсесінде аға сарапшы (1994–99) болып істеді. 1999 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігінде кеңесші қызметін атқарады. «Возрастание роли советской общественности в современных международных отношениях в 70–80-е годы» тақырыбында кандидат, ал «Международная деятельность Республики Казахстан на современном этапе» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 40-қа жуық жарияланымның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиетттер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Райхан Мұқанқызы Қалиева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}