Райхан Абдуғалиқызы Досжан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Райхан Абдуғалиқызы Досжан (15.3.1962 жылы туған, Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Доланалы ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1993). Талдықорған облысы, Жаркент қаласындағы педагогикалық училищені (1981), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ды (1986) бітірген. 1989 - 1992 жылдары осы университетте аспирант. 1992 жылдан аталмыш университеттің қазақ филология кафедрасында оқытушы. ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, профессор М. Серғалиевтің жетекшілігімен "Ж. Аймауытов прозасындағы лексика-синтаксистік қайтапамалар" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Шығармалары

Ж. Аймауытов прозасындағы лексика синтаксистік қайтамалар. КДА., А., 1993; Көркем шыгармалардағы лексика-синтаксистік кайталамалар. А., 1997.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}