Райт ағайындылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Райт ағайныдылар (Үлгі:Lang-en (18671912) және Үлгі:Lang-en (18711948)) — адам тарихындағы ең алғашықы ұшқыштар болып саналады. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды.

Орвилл жаңа заттарды құрастыруға құмар болатын. Ал бұл құлшыныс інісі екеуін жаңа жобаға итермелейді. 1889 жылы олар баспа құралын құрастырып, біраз уақыт күнделікті газетті баспадан шығарумен айналысады. Ал 1892 жылы велосипед моделін құрамдап, жеке дүкендерін ашады. Бұл өте сәтті бизнес болды және олардың әрі дизайнер, әрі инженер ретінде біліктілігін арттырды.

Жаңа ғасырдың басында ұшудың мүмкіндіктеріне қызығушылық пайда болады. Осылай ағайынды Райттар алғашқы механикалық ұшу аппаратын жасауға кірісіп кетеді. Олар жаңа құрылғының әрі қуатты, әрі жеңіл, әрі басқару жабдығының қарапайым болуына аса көп көңіл бөледі.

Тәжірибе орны ретінде Солтүстік Каролинаның Китти Хоук деген желді аймағы таңдалып алады. Басты себеп желдің ұшақ текті құрылғыға демеу болуы еді.

Алғашқы көкке самғауы

Сурет:Wrightflyer.jpg
1903 жылы 17 желтоқсан

1903 жылы 17 желтоқсанда ағайынды Райттар тұңғыш ұшақтың жобасын аяқтап, оны іс жүзінде тексеріп көреді. Орвилл алғашқы ұшқыш болады. Ал инженер-құрастырушы Уилбер болады. Сол бір тарихи ұшақ «Ұшқыш» деп аталған. Орвилл 10,9 км/сағ. жылдамдықпен көкте 12 секунд (37 м биіктікте) самғайды.

Ағайынды Райттардың жетістіктері

  • 1903 – алғашқы оң нәтиже
  • 1905 - Көкте жарты сағат үздіксіз ұша алатын көпқұрылымды ұшақты жасайды.
  • 1908 – Орвилл Райт АҚШ-тың Вирджиния штатында әскери күштердің бақылауында ұшақтың аскери бағытта қолданылу мүмкіндіктерін көрсетеді.
  • 1908 – Уилбер Ла Манш бұғазында 100 реттен астам ұшып, тәжірибе жасайды. Желтоқсанның 31 күні аспанда ең көп самғаған ұшақтың уақыты тіркеледі: 2 сағат, 19 минут.

Олардың 1903 жылы жаңа механикалық құрылғыны патенттеуге өтініші қабылданбай қалады. Дегенмен, олар жобаны одан әрі жетілдіріп, кейінірек патентке ие болады.<ref>Авиация тарихы Үлгі:Ref-en</ref><ref>Johnson, Mary Ann. =On the Aviation Trail in the Wright Brothers' West Side Neighborhood in Dayton, Ohio Wright State University, 2001. Үлгі:Ref-en</ref><ref>BBC News: Flying through the ages Үлгі:Ref-en</ref>

Қазіргі күнде Райттардың «Ұшқышы» АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы Ұлттық Әуе және Ғарыш Мұражайында көрмеге қойылған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер