Раисова Гүлжамал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

РАИСОВА Гүлжамал1962 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Орта мектепті алтын медальмен тәмамдап, Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, еңбек жолын "Кербұлақ Жұлдызы" аудандық газетінде корректор қызметінен бастап, тандаған мамандығының барлық сатыларынан өтіп, 2001—2005 жылдар аралығында аталмыш газеттің бас редакторы қызметін атқарды.

2005 жылы отбасымен Алматы қаласына қоныс аударып, қазіргі кезде "Экономика" баспасы" ЖШС-де орыс редакциясының редакторы болып жұмыс істеуде. Осы уақыт арасында экономикалық тақырыпта бірталай кітаптарды редакциялап, жарыққа шығарды. Олардың ішінде:

  1. Д.О.Абленов "Аудит: теория и практика";
  2. У.М.Искаков, Д.Т.Боқаев, Э.А.Рузиева "Финансовые рынки и посредники";
  3. "Финансовый учет на предприятии" Р.М.Рахымбекованың редакциясымен шыққан;
  4. О.А.Яновская, Н.В.Никифорова "Корпоративное управление";
  5. жылыМ.Дуйсембекова "Маркетинговые исследования" және т.б.

Авторлармен тығыз қарым-қатынас орната білген маман, олардыңшығармалары бойынша орынды сын-ескертпелер айта алады. Авторлардың пікірлерін жүзеге асыруда кітаптардың сапалы және заман талабына сай болып шығуына көп көңіл боледі. Г.Раисованың еңбек жолы көптеген құрмет грамоталары және құнды сыйлықтармен бағаланған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}