Раиса Қожабекқызы Мұсақожаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Раиса Қожабекқызы Мұсақожаева 1954 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Мұсақожаев Қожабек, марқұм, Күрті қой өсіретін кеңшар директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Анасы - Дүтбаева Рахиля, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.

К. Байсейітова атындағы Республикалық орта мамандандырылған мектепті (1972) скрипка классы, оркестрдің әртісі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1977), камералық ансамбльдің әртісі, оқытушы мамандығы бойынша; Н.А. Римский- Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1980) бітірген. Қазақ ұлттық өнер университетінің академиялық профес- соры (Астана қ., 1999 жылдан).

Скрипкаға арналған қазақша шығармалардың «Педагогикалық репертуар хрестоматиясы» оқу құралының авторы (2001).

Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. 1975-1977 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі. 1980 жылдан - Қарағанды музыкалық учи- лищесінің оқытушысы. 1984 жылдан - К. Байсейітова атындағы Республикалық орта мамандандырылған мектеп директорының орынбасары.

1998 жылдан бері - Қазақ ұлттық музыка академиясының проректоры (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университет). «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005) марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф. Рузвельт. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болашаққа сенімді». Хоббиі - кітап оқу, саяхат жасау, шахмат ойнау. Сүйіп оқитын әдебиеті - Э.М. Ремарк, Ф.М. Достоевский, О. Уайльд, Г. Гессе, Ш. Айтматов. Ажырасқан. Қыздары - Сент-Луис Гүлнара, Капеу-Коханова Мадина<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub