Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова

1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Мұхамедияров Мәжит Мұхамедиярұлы (1910-1996),Байланыс басқармасында пошта бастығы болып жұмыс істеген. Анасы - Мұхамедиярова Меңсулу Жақыпқызы (1918-1991), сатушы болып жұмыс істеген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының шетел тілдері факультетінің ағылшын бөлімін бітірген (1962), ағылшын тілінің оқытушысы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1957-1958 жылдары - Қазақстан Компартиясы Сарыағаш аудандық комитетінде хатшы-машинист. 1960 жылдан -«Қазақфильм» киностудиясының актрисасы.

1994 жылдан - зейнеткерлік демалыста.

1995-2002 жылдары - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жастар театрында актриса. «Сплав» (1961), «И в шутку и всерьез» (1963), «Менің атым Қожа» (1963), «Балалық шаққа саяхат» (1968), «Однажды и на всю жизнь» (1977), «Бұғы адам» (1985), «Айсұлу туралы ертегі» (1987), «Түнек әміршісі» (1990) және тағы басқа фильмдерге түскен.

ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1962 жылдан).

ҚазССР Еңбек сіңірген әртісі (1990).

Діни көзқарасы - атеист.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық мемлекет».

Хоббиі - гимнастика.

Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ және орыс классикалық әдебиеті.

Қыздары - Мүсірепова Гаухар Ғабитқызы (1965 жылы туған),«Қазақтелеком», K'cell ұялы байланыс компаниясында әкімшілік департаментінің маманы; Мүсірепова Гүлнар Ғабитқызы (1966 жылы туған), «Симгент Қазақстан» ЖШС қаржы директоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub