Разақ Абдрахманович Абузяров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Біріктірілсін Разақ Абдрахманович Абузяров (1932 жылы туған, Алматы облысы, Андреев ауданы, Лепсі ауылы) — ғалым, педагогикалық ғылымының докторы (1983), профессор (1985). ҚазПИ-ді бітірген соң мұғалім, мектеп директоры болды. 1970 жылдан Орал педагогикалық институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде) оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1992 жылдан бері тіл үйрету орталығының жетекшісі. Ғылыми жұмыс- тарының негізгі тақырыбы — әр түрлі аудиторияда қазақ және орыс тілдерін жедел меңгертудің әдіс-тәсілдері. Осы тақырыпта 200-ден аса ғылыми еңбек жазған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>
Шығармалары
- Русский язык на занятиях по начальной военной подготовке в национальной школе, М., 1989;
- Учимся и учим говорить по казахски. А., 1996.
Дереккөздер
<references/>