Радиолық жылыстау жорамалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орыс ғалымы В.В.Белоусов 1942-43 жылдары алғаш ұсынған бұл жорамал бірнеше қағидаларды негізге алады:

  1. Жер дамуының ең басты энергиялық факторы оны құрайтын заттардың радиоактивтілігі;
  2. планетамыз алғашында "салқын" заттардан құралған (Шмидт-Фесенков жорамалына сәйкес), оның радиоактивті жылу әсерінен қыздырылуы және тығыздала түсуі кейінірек жүзеге асқан;
  3. қатпарлану процесі қызған заттардың жоғары көтерілуі барысында жүзеге асатын қосалқы процесс болып табылады;
  4. Жердің алғашқы заттарының радиогендік жылу әсерінен жікгелуі және тығыздала түсуі өз бойына радиоактивті заттарды молынан кіріктірген және біршама жеңіл гранитті материалдың жоғары "қалқып шығуымен", ал ауыр материалдардың төмен қарай жылыстауымен орайласады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}