Радиоавтография әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Радиоавтография әдісі - клеткалардағы қарқынды процестердің синтетикалық динамикасын анықтайтын негізгі әдістердің бірі. Радиоавтография әдісінің молекулалық гибридизация тәсілі нуклеин қышқылдарының түрлері, нуклеотидтердің кезектесуін анықтауда пайдаланылады. Ол үшін препаратқа нуклеин қышқылымен білгіленген еріткішті жағады, хромосома мен ядро құрамындағы ДНҚ денатурацияланады. ДНҚ-ң ренатурацияланған процесінде еріткіштегі белгіленген нуклеин қышқылымен препараттағы ДНҚ учаскесінде молекулалы гибрид түзіледі.

Нуклеин қышқылдарының молекулалы гибридизация әдісі геннің орналасуын дәл анықтайды. Сонымен қатар флоурохроммен боялуға қолданылады. Мысалы: егер ерекшеленген ядролық ДНҚ-ны флоурохроммен байланыстырса, ДНҚ ренатурациясынан кейін, флуоресценсиясы интерфазалық жасушаның ядрошықтарда көрінеді. Сонымен клеткада ДНҚ тізбектерінің көруге болады. Бұл тәсіл Fish әдісі (флуоресценттік in situ гибридизация) деп аталады.<ref>Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}