Равиль Бариевич Сатаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Равиль Бариевич Сатаров - 1947 жылы 2 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Татар. Шымкент политехникалық техникумын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1972) инженер-электрші мамандығы бойынша бітірген. Орыс, татар, испан және ағылшын тілдерін біледі. 1966 жылдан - Алматы мақта-мата комбинатының электрлі цех шебері. 1980 жылдан - Алматы мақта-мата комбинатының электр цехының басшысы. 2000 жылдан - «Каспиан Индастриес ЛТД» ЖШС бас энергетигі. 2004 жылдан - «Каспиан Индастриес ЛТД» ЖШС Алматы қаласы зауытының директоры. 2008 жылдың ақпанынан бері - «Каспиан Индастриес ЛТД» ЖШС бас директоры. Кәсіпқорлық және жоғары дәрежелі жүмысы үшін көптеген грамоталар мен сыйлықтармен марапатталған. Әскери атағы - запастағы сержант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, У. Черчилль, Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан - зор потенциалға ие ұлы мемлекет. Мен біздің еліміздің жарқын болашағына сенемін. Сол болашаққа жетудегі басты рөл сол жолдың берекелі-бағыттаушы күші және векторы болып табылатын ҚР Президентіне жүктеледі». Хоббиі - спорт, бағбаншылық, кітап оқу, шетел тілдері. Сүйіп оқитын әдебиеті - Күміс ғасырдың ақындары мен жазушылары. Үйленген. Жұбайы - Сатарова Нина Михайловна, ҚР Мемлекеттік стандарттар комитетінің жетекші инженері. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub