Пішен тайлауыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пішен тайлауыш - шабылған пішенді дестеден, шөмеледен не маядан тайлайтын машина. ППВ-1,6 және ПСБ-1,6 тайлауыш пішенді жалдан тікелей арнайы камерада сыммен буып тайлайды. Бұл «Беларусь» тракторына тіркеледі не бір жерде тұрып тайлайды. ПСМ-5А маялаған пішенді бір орында тұрып тайлау үшін қолданылады. «Беларусь» тракторы не арнайы электр двигательі арқылы жұмыс істейді. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер