Пысықтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пысықтау (мектепте) — оқыту процесінде оқушылардың алған білімімен дағдысын бекіту, тиянақтау, жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы өткен материалға қайта оралу. Пысықтау — оқу-таным жұмысының кезеңі, оқыту процесінің қажетті құрауышы. Сабақ құрамында пысықтау ерекше орын алады. Оқып өткен материалды пысықтау оқушылардың алған білімін есінде сақтап қалуына жәрдем етеді. Материалды жиірек пысықтап, дұрыс жабдықтамайынша тиянақты білім алу қиынға соғады. Пысықтаудың түрлері көп. Осыған байланысты әр кездегі пысықтау — қайталаудың көздеген мақсаты, қолданылу әдіс-тәслдері де түрліше. Пысықтаудың қай түрі болса да, оқушылардың білімін тұрақтандырып, оларды өздігінен шығармашылық еңбек етуге, ізденуге үйретеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}