Пульчинелла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пульчинелла (Үлгі:Lang-it, Үлгі:Lang-fr) — итальян халқының сүйікті қуыршақ-кейіпкері. Әлем халықтарында бірнеше қуыршақ түрлері бар: орыстың Петрушкасы, француздың Полишинелі, итальянның Пульчинелласы, немістің Гансвурсты, ағылшынның Панчы, чехтың Кашпарегі және түріктің Карагёзі. Осы қуыршақтардың жасы үлкені - Пульчинелла. Оған 500 жыл толды. Пульчинелла ұзақ жылдар бойы кішкентай ғана тесігі бар қорапшада өмір сүрді. Ол осы қорапшаның тесігінен басын шығарып өнер көрсететін. Қуыршаққа жан бітіретін әртіс осы қорапшамен бірге үлкен қалаларды, алаңдарды, жәрмеңкелерді аралайтын. Оның басы үлкен, дөңес келген үлкен мұрыны бар, екі езуі құлағына дейін жетеді. Ол үнемі қалжың сөздерімен адамның басындағы кемшіліктерді әжуалап, әділдік үшін күресіп, шындықты айтатын. Қуыршаққа жан бітіретін әртістің жанында үнемі бір музыкант болатын. Ол қуыршақ ойынын бастан аяқ музыкамен көркемдеп отыратын болған. Ол әлі күнге дейін қуыршақ театрларының сахнасында өнер көрсетіп, көрермендеріне қуаныш сыйлауда.<ref>Алматы." Атамұра" 2014. Музыка: 3- сынып. 60-62 бет. Райымбергенова А. ISBN 978-601-282-913-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер