Психопатиялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психопатиялар (Үлгі:Lang-el — жан, pathos — зардап шегу, ауыру) — мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

Психопатиялардың пайда болу салдары:

Конституциялық немесе ақиқат деп аталатын мұндай патологиялар, эмоциялар — еріктік саланың күнәраттар түрінде бала кезінде-ақ көрінеді. Бұл орайда зият біршама сақталуы мүмкін. Ересек жаста психопатиялардың біліну дәрежесі тәрбиеленген жағдайына және қоршаған ортаның ықпалына байланысты. Психопатиялардың көріністері алуан түрлі.

Психопатиялардың классикалық типтері

Таза типтердің аз аралас нысандардың басымдығына қарамастан психопатиялардың мынадай классикалық типтері сараланады:

  • 1) циклоидтер, мұның негізгі нышаны — циклінің ауытқулары бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін болатын көңіл-күйдің үнемі алмасып келуі;
  • 2) шизоидтер — бұларға қарым-қатынастан тартыну, тұйықтық, бүкпешілік, ренжігіштік, эмпатияның болмауы, жүріс-тұрыстың болмауы;
  • 3) эпиллептоидтер, бұлардың негізгі нышандары шектен тыс шамданғыштық, бұлтандық, жасқаншақтық тән;
  • 4) астениктер, бұларға әсершілдік, психикалық қоздырғыш тән; тез арықтау, шамданғыштық, жасқаншақтық тән;
  • 5) психастениктер — үнемі алаңдап, өзіне сенімді болмай, қашанда ойға барып жүреді, патологиялық күмәншілдікке бейім;
  • 6) параноялық психопаттар — аса құнды идеялар ойлап шығаруға бейім, бірбеткей, өзімшіл болып келеді, күмәнданушылығы болмайды, өзіне нық сенімді болады және өзін тым жоғары бағалайды;
  • 7) есірік психопаттар — қайткен күнде де айналасындағылардың назарын өзіне аударуға тырысушылығымен сипатталады, бұл орайда оның нақты оқиғаларды бағалау өзіне қолайлы тұрғыда бұрмаланған болады, қарым-қатынаста театрдағыдай мәнерленушілікке бейім;
  • 8) орнықсыз психопаттар — негізгі нышандары: көңілшектік, келелі мүлделерінің болмауы, айналасындағылардың ықпалына тез берілушілік;
  • 9) органикалық психопаттар — ақыл-ойының туа біткен шектеулілігімен ерекшеленеді, жақсы оқуы мүмкін, бірақ нәтижесіз, білімді қолдану не бастама көрсету қажет болған кезде өзін қоғамда ұстай біледі, бірақ пайымдаулары жұрт ығыр болған түрде болып келеді.

Психопатиялар мен қалыпты мінез-құлықтарының арасында анық шекара жоқ. Психопаттардың аталған типтеріне нормада мінез бітімі ұқсас, бірақ патологиялық (психопаттық) көрінісі жоқ кісілердің табиғаты үйлес келеді. Аурудың немесе психикалық жарақаттардың ықпалымен психопаттарда ұзаққа созылған невроздық күйлер, сондай-ақ депрессиялар пайда болуы мүмкін. Психопатиялардың профилактикасында лайықты тәрбиенің, психотерапевтік және психофармакологиялық емдеудің маңызды мәні бар.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}