Психологиялық уақыт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психологиялық уақыт - адамның психикасында оның өмірлік жолының оқиғалары арасындағы уақыттық қатынастар жүйесінің бейнелеуі. Психологиялық уақытқа өмірдегі әр алуан оқиғалардың бірмезгілділігін, кезектесуін, ұзақтығын, өту жылдамдығын, олардың қазіргіге қатыстылығын, өткенге және болашаққа қарай қашықтауын, уақыттың тығыздығы мен созылыңқылығын, үзіктілігі мен үздіксіздігін , шектеулігі мен шектеусіздігін сезінушілікті, жасты, жасқа қатысты кезеңдерді (балалық, жастық, кемел жас, қарттық) ұғынушылықты, өмірдің ықтимал ұзақтығы туралы, өлім мен мәңгі жасаушылық туралы, өз өмірінің, отбасының, қоғамның және тұтастай адамзаттың өткен ұрпақтары мен келешек ұрпақтарының өмірімен тарихи байланысы туралы түсініктерді қамтиды. Психологиялық уақыттың зерттеуі үшін көркем әдебиет пен философиялық әдебиетте мол материал бар. Психологияда психологиялық уақытты түсіндіруге және эксперименттік зерттеуге қатысты бірнеше көзқарас тұрғысын саралауға болады. "Кванттық" тұжырымдамаға сәйкес әр масштабты субъективтік "уақыт кванттары" (милисекундтан онжылдықтарға дейін) бар; олар уақыттың әр түрлі ұғынылуына (мысалы, бірмезгілділікті бағалау, психологиялық тұрғыдағы қазіргіні саралау) себеп болады. Оқиғалық тұжырымдама тұрғысынан психологиялық уақыттың ерекшеліктері болып жатқан оқиғалардың ішкі және сыртқы ортадағы, адамның іс-әрекетіндегі өзгерістердің саны мен қарқындылығына тәуелді. "Кванттық" және оқиғалық көзқарас тұрғыларының бірқатар іргелі проблемалары шешілмеген, олар: психологиялық уақыттың, қайтымдылығы мен көп өлшемділігі психологиялық тұрғыдан өткеннің, қазіргі мен болашақтың реттік емес, жастық сауат санаттаудың өлшем бірлігі. Бұл қиыншылықтарды себептік-мақсаттық тұжырымдама арқылы еңсеруге болады; бұл тұжырымдама бойынша психологиялық уақыт әншейін хронологиялық аралықтар мен уақиғаларды өздігінен алып бейнелемей, "себеп-салдар", "мақсат- құрал" типіндегі бір-бірінен туындайтын оқиғалар аралық байланыстардың күрделі жүйесін бейнелейтін болып шығады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}