Психодрама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психодрама (психо... және Үлгі:Lang-el — іс-әрекет) — топтық психотерапияның бір түрі; мұнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады: бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді. Психодрама ұғымын және процедурасын Д.Морено (АҚШ) ұсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір құралы деп түсіндірді. Шет елдерде сау адамдардың топтарындағы қақтығыстарды жою әдісі дегенді білдіретін "социодрама" деген термин де пайдаланылады. Ол үшін мінез-құлықтың ырықтылығы, белсенділігі, жағдайға оралымдылығы маңызды. Психодрама невроздар, соның ішінде балалардың невроздары кезінде, психосоматикалық аурулар мен алкоголизм кезінде, пспхопатиялардың асқынулары мен жасөспірімдердің ауытқыма мінез-құлықтары кезінде қолданылады. Отбасылық психодрама болуы мүмкін. Психодраманың элементтері мінез-құлықтық терапияға, әлеуметтік-психологиялық тренингке, іскерлік ойындарға кіреді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}