Психика дамуының қозғаушы күші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыруы мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу болып табылады. Психикалық дамудың заңдары — адамның бір жастан екінші жас шағына өтудегі психологиясы мен қылығында болатын өзгерістерді, яғни ондай өзгерістердің себептерін сипаттайтын заңдылықтар. Психикалық дамудың функционалдық теориясы — психикалық функциялардың дамуы өмірде практикалық жиі және қарқынды қолданғанға тікелей тәуелді екеніне сендіретін теория.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}