Психикалық ахуал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Психикалық ахуал — психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым. Психикалық ахуал жеке адам мен адам топтарының бір сәт, аз уақыт аралығындағы эмоциялық, танымдық және мінез-құлықтық көріністерінің жалпылама сипатын білдіреді. Психикалық ахуал эмоцияның даму сатыларынан тұрады, индивидтің түрлі психикалық қасиеттерінің (жеңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық сияқты) көрінісін білдіреді. Психикалық ахуалға сезімнің (көңіл-күй, аффект, үрей, эйфория және т.б.), ықыластың (толғаныс, ессіздік), еріктің (батылдық, жинақылық, тартыншақтық), ойланудың (күмәндану), қиялдың негізгі түрлері жатады. Төтенше жағдайдағы адамның психикальіқ ахуалы стресс ретінде қабылданып зерттеледі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}