Психикалық аурулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шизофренияның этиологиясы мен патогенезі жеке нозологиялық бірлік ретінде бөлінгеннен кейінгі арнайы оқудың пәніне айналды. Э.Креплин шизофрения токсикоз, әсіресе, жыныс бездерінің қызметінің бұзылысынан болады деп санады. Шизофренияның токсикалық табиғатты идеясы кейінгі бірнеше зерттеулерде де жалғасын тапты. Сөйтіп, шизофренияның дамуын белок алмасуы бұзылысы мен науқас организмінде азот өнімдерінің жиналуымен байланыстырды. Бірнеше онжылдықтар бұрын шизофренияның токсикалық табиғатты идеясы осы аурумен науқастардың қан сарысуынан арнайы затты анықтаумен таныс болды. Бірақ шизофрениямен науқастарда арнайы заттың болу идеясы, мысалы тараксеина [Хисс Р., 1958], кейін дәлелденбеді. Шизофрениямен науқастардың қанында мембранотропты токсиндер анықталды. Айқын токсикалық фактор мен шизофрениялық процестің қатерлі болуы арасындағы кореляция анықталды. Бұл идея шизофренияның иммунологиялық гипотезін дамытты. Шизофрения кезіндегі жүйке жүйесіне кері әсер ететін активті фактор аутоантиген мен аутоантидене түзілуіне әкеледі, олар өз кезегінде ми тіндерін зақымдайды. Олардың саны ауру дың қатерлігіне байланысты. Соңғы кездері арнайы зерттеулер мен тәжірибелер арқасында шизофрения патогенезінде ОЖЖ-нің негізгі медиаторларының (дофамин, серотонин, норадреналин) алмасуының бұзылысы жатқаны анықталды. Нәтижесінде катехоламин, индол гипотезалары пайда болды. Біріншісі шизофрениямен науқастардың миындағы нейробиологиялық процестердің бұзылу механизмінде норадреналин мен дофамин дисбалансы жатқанымен түсіндіріледі. Индол гипотезасын ұстанушылар шизофренияның дамуын серотонин мен басқа индол туындыларының дисбалансымен түсіндірді. Шизофренияның дамуында тұқымқуалау факторларының ролі анықталды. Шизофренияның жақын туыстардың арасында даму жиілігі тұқымқуалау аурулары жоқ популяциялармен салыстырғанда едәуір жоғары. Сонымен, қазіргі уақыттағы мәліметтер шизофрения және онымен ұқсас психикалық бұзылыстар мультифакториальды және мүмкін болса полигенді табиғатты аурулар екенін дәлелдейді. Клиникалық көрінісі. Шизофрения кез келген жаста дамуы мүмкін. Бірақ жиі жас кезде дамиды(20-23 жас). Және кейбір шизофренияның түрлерінің дамуына арнайы «оптимальды» уақыт болады. Мысалы, параноидты түрі 30 жастан жоғары кезде дамиды, ал неврозға ұқсас бұзылыстар, ойлау бұзылысы- жасөспірім мен жас кезде. Жиі преморбидті сипаттағы тұлғаның ерекшеліктері анықталады. Көбіне тұйықтық, физикалық белсенділігінің төмендігі, тәртіптілік, қиялға бейімділік, оңаша әрекеттерге көңіл бөлу (оқу, музыка тыңдау, коллекциялар жинау) жатады. Көп науқастар абстракты ойлауға жоғары қабілеттілікті көрсетеді, нақты ғылымды оңай меңгереді (физика, математика). Аурудың алғаш пайда болғанын науқастың қалыпты өмір салтының өзгерісі көрсетеді. Ол өзінің бұрынғы сүйікті жұмыстарын ұмытады, туыстары мен достарына көз қарасын бірден өзгертеді. Бұрын тән болмаған қызығушылықтар пайда болады: философияға, дінге, этикаға, космологияға. Кейбір науқастар өзінің денсаулығына өте қатты мазаңдайды, ипохондриялықты көрсетеді, басқалары өздерін асоциальды ұстайды. Бұл процесс бұрынғы қоғамдық байланыстарының үзіліп, өршімелі аутизм дамуымен жүреді. Манифестті кезеңнің белгілері көптеген клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Ойлаудың бұзылысы шизофренияға ең тән белгі. Науқастар жиі басқарылмайтын ойлар легіне, ойлардың тоқтауына, «бітелуіне», параллельдігіне шағымданады. Осы құбылыстар науқасқа әңгімелесіп отырған адамды, оқығанды түсінуге кедергі болады. Жеке сөйлемдерден, сөздерден ерекше символды ойларды қағып алу, жаңа сөздерді шығару (неологизм) тән. Мәнсіз даналықпен айналысуға, ой толғауға (көп сөйлеу) бейімділік тән. Ауыр жағдайларда сөйлеу байланыссыздығы дамиды.Эмоционалдық бұзылыстар туыстарға бауыр басу мен жан ашу сезімдерін жоғалтумен басталады. Кейде ол туыстарды жек көрумен, қатыгез қатынаспен көрінеді. Уақыт өткен сайын сүйікті ісіне қызығушылық толығымен жойылады. Науқастар олақ болады, тіпті қарапайым тазалықты да сақтамайды. Науқастың міне-құлқы да айтарлықтай өзгереді. Тұйықтық ерте дамиды, туыстармен ғана емес, достарымен де байланыс үзіледі. Науқастар күтпеген қылықтарды жасайды, сөйлеу мәнері мен бетті қимылдату өзгереді. Бұлардың барлығы таныстарын таң қалдырады. Шизофренияға типті және әртүрлі сенестопатиялар тән. Сенестопатиялар ерсі, ерекше сипатта болады. Қабылдаудың бұзылысы есту галлюцинациясымен (жиі жалған галлюцинация) көрінеді. Бірақ кейде тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары дамуы мүмкін. Аурудың типтік көрінісіне сандырақтың әртүрлі түрлері жатады- паранойялды, паранойдты, парафренді. Әсер ету сандырағы жиі псевдогаллюцинациямен бірге жүреді- Кандинский—Клерамбо синдромы. Қимыл-жігер бұзылыстары әртүрлі көріністермен жүреді. Ырықты қызметтің ең айқын бұзылысына кататоникалық синдром жатады, ол ступор мен қозумен көрінеді. Ступорлы жағдай кататоникалық қозу мен импульсивті қылықтармен үзілуі мүмкін. Кататоникалық синдром люцидті және онейроидты болып екіге бөлінеді. Люцидті кататония аурудың жағымсыз ағымын білдіреді және паранойдты шизофренияның соңғы кезеңдерінде жиі кездеседі. Онейроидты кататония аурудың жеделдігін көрсетеді және жиі реммисиямен аяқталады. Науқаста 1 сұраққа 2 пікір, 2 шешім болады (амбиваленттілік). Ол науқасқа дұрыс қимылдауға кедергі болады. Жиі ерік-жігері төмен болады (энергетикалық потенциалының редукциясы), ол әлсіздік, апатиямен аяқталады. Параноидты түрі басқалардан жиі кездеседі. Аурудың кенет өзгеру белгілерімен қоса (аутизм, ойды құрастудың бұзылуы, эмоцияның төмендеуі мен орынсыздығы) осы түрдің клиникасының негізгі көрінісіне сандырақ жатады. Аурудың ағымы паранойялды, параноидты, парафренды синдромдар реттілігімен жүреді. Ауру жас және ересек кезеңде дамиды (25-40 жас). Эмоционалдық ақау көп жағдайда біртіндеп ұлғаяды және науқас туыстарымен байланысты ұзақ уақыт сақтайды. Көптеген науқастар ұзақ уақытқа еңбекке қабілеттілігін сақтайды, жанұясын сақтайды. Ауру ерте басталса сонша қатерлі ағымды болады. Гебефрендік түрі - шизофренияның ең қатерлі түрлерінің бірі. Оның негізгі көрінісі- гебефрендік синдром. Диагноз балалық және ерсіз қимылдардың, ақымақтық түріндегі қозудың анықталуына негізделеді. Көңіл күйі бос, продуктивсіз эйфориямен, орынсыз күлкімен, агрессия, мәнсіз бұзылыстар, түсінбеушілік ұстамаларымен алмасады. Сөз сөйлеу реттілікті жоғалтады, қайталауларға, неологизмдерге толады, жиі сыни ұрысумен бірге жүреді. Іс-әрекеті қырсықтық пен негативизмге толы бағытсыз белсенділіктен тұрады. Науқастар қарапайым мәселелерді шеше алмайтын жағдайға жетеді, сондықтан үнемі бақылау мен күтуді қажет етеді. Ауру жасөспірім кезінде дамиды (13-15 жас) кейін ремиссиясыз өтеді.науқастар жұмысқа тұрмай мүгедек болып қалады. Кататониялық түрі көбіне қимыл бұзылысымен сипатталды. Кататониялық ступор ұзаққа созылған ыңғайсыз, ерсіз, табиғи қалыпқа жатпайтын қалыпта тұрумен, шаршамаумен ерекшелінеді. Мысалы, басын жастықтан көтеріп жату (ауалы жастық синдромы), басты халатпен, жапқышпен жабу(капюшон синдромы). Бұл кезде бұлшық ет тонусы өте жоғары болады. Бұл науқастарға керек қалыпты алып, ұзақ сақтауына көмектеседі (каталепсия- балауызды ептілік). Науқастарға негативизм (ұсынысты, тілекке қарама-қарсы қимылды орындаудан бас тарту) мен мутизм (әңгімелесушінің сөзі мен бұйрығын түсіне алса да сөйлеудің толық жоғалуы) тән. Қимылсыздық стереотирті қозғалыспен- кататоникалық қозумен үзіледі. Кататонияның басқа көріністеріне әңгімелесушінің қимылын, пікір қайталау(эхопраксия, эхомимия, эхолалия), пассивті бағыну (нақты бұйрықты алғанынша қимылдамау) жатады. Қарапайым түрі толық негативті симптоматикамен көрінеді. Ең жиі өршімелі апатико-абулиялық ақау кездеседі. Аурудың басында оқудан, жұмыстан бас тартады, қаңғыруға бейім болады, достары мен жанұясынан ажырайды. Кейін науқастар қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға мүлдем араласпайды, суық, эгоист болып кетеді; жинақтаған білім қорын жоғалтады, яғни интеллектің бұзылысын көрсетеді («шизофрениялық ақыл кемістігі»). Бұл түрге жасөспірім мен жастық кезде даму тән болады: ремиссиялық ағым, жылдам өршу, ерде мүгедектікке әкелу. Қарапайым шизофрения, гебефрения, люцидтік кататония ең қатерлі варианттарға жатады. Шизофренияның ағымы. Ағымның типтері. А.А. Снежневскийдің жіктемесі бойынша 3 негізгі тип кездеседі: үзіліссіз, ұстамалы-прогредиентті, реккурентті. Үзіліссіз тип құрамына баяу былжырдан ауыр рогредиенттіге дейін жатады. Осы тип кезіндегі синдромдық спектрге невроз және психопатияға ұқсас синдромдар, сондай-ақ галлюцинаторлық, сандырақтық, кататониялық синдромдар атады. Ұстамалы-прогредиентті типіне үзіліссіз типтегі синдромдардың айқындалған қосарласуы тән. Ұстамаларға аффективті компоненттер қосылуы мүмкін. Паранойялды, параноидты, галлюцинаторлы, парафренды ұстамалар да дамуы мүмкін. Реккурентті тип айқын көрінетін полиморфты ұстамалармен сипатталады- таза аффективтіден сананың онейроидты күңгірттенуімен бірге кататониялық ұстама жатады. Көп науқастар өмірінде бір ғана жайылған ұстаманы басынан өткереді. Ұстаманың санына байланыссыз ауыр ақаулар бұл түрде дамымайды. Емі Психотропты препараттармен емдеу қазіргі кездегі психикалық бұзылыстары айқын науқастарды емдеудің ең негізгі түрі болып саналады. Сандырақ, галлюцинация басым, қозу жағдайындағы айқын психикалық бұзылыстар кезінде нейролептиктерді қолданады- галоперидол, аминазин, трифтазин, азалептин және т.б. Кататоникалық симптоматика кезінде- этаперазин, мажептил, френолон, эглонил қолданылады. Шизофрения мен созылмалы сандырақтық бұзылыстар ұзақ емді қажет етеді. Бұл жағдайларда ұзақ әсерлі нейролептиктер қолданылады- модитен-депо, галоперидол-деканоат (инъекция 3-4 аптада 1 рет). Дозаны индивидуалды таңдайды және жеке сезімталдыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін. Нейролептиктерді қабылдап жүрген, әсіресе, жо,ары дозаны, науқастарда неврологиялық кері әсер- нейролептикалық синдром дамиды: жалпы бұлшық еттік құрысумен, тремормен, жеке бұлшық еттердің спазмымен, бір орында отыра алмаумен, гиперкинездермен көрінетін дәрілік паркинсонизм дамиды. Бұл асқыныстарды алдын алу үшін антипаркинсондық ем- циклодол, акинетон және бензодиазепинді транквилизаторлар мен ноотропты препараттар қолданылады. Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді. Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады. Неврастения адамға психикалық жарақаттық факторлар ықпал еткенде, бірақ үлкен күшпен емес, ұзаққа созылатын жағдайда, кейде бірнеше жыл бойына әсер еткенде болады. Үнемі психикалық зорлануды тудыратын мұндай жарақатты күй, мысалы, жанұядағы жиі болатын қолайсыздықтарға байланысты, сол сияқты жұмыстағы шиеленіскен қарым-қатынастан, жеке өмірдің сәтсіздігінен пайда болуы мүмкін. Неврастения ауруы негізінен 20-дан 40 жаска дейінгі адамдарда кездеседі. Әйелдерге карағанда еркектер жиі ауырады. Бұған тән симптом ашушаңдық болып табылады. Неврастениямен ауырған адам толқи бастап, бұрын өзі назар аудармаған ұсақ-түйектерді өз бойынан таба бастайды. Көшедегі шу, біреудің катты әңгімелескені, күлгені, кенет шыққан дыбыс, тіпті маңайдағылардың біреуінің түрі де — осының бәрі тітіркенуді туғызады. Ауру өзін ұстай алмайды, ашуланады, мақайындағыларға айқайлайды немесе жылапсықтайды. Бұл жағдайда әсерлену күші ете үлкен болмайды. Ашулану куйі сабасына тусу күйімен ауысады. Тітіркену әлсіздігі аталатын мұндай күй неврастениямен ауыратындарға өте тән болып келеді. Олардың ашулануы да, ашуларының басылуы да өте тез болады. Сол сияқты ұйқының бұзылуы да айрықша тән болып келеді. Ұйқы әдетте терең емес, үстіртін келеді, қымқиғаш түстер керіп, таяуда болған оқиғалар көрінісі пайда болады. Симптомдардың осындай бірыңғай болмауы неврастенияны екі түрге — ашуланғыштық және сарыуайымшылдық деген түрлерге бөлуге негіз береді. Жоғары дамыған жануарларда тәжірибе жасау жолымен алынған невроз тудыратын деректерді ескере отырып, И.П.Павлов неврастенияның осы аталған екі түріне алғаш рет патегенетикалық жағынан түсінік берді. Сонымен бірге мынадай да көзқарас бар: неврастения клиникасындағы айырмашылық дербес түрдің көріну; түріндегі емес, белгілі бір аурулық процестің әр түрлі сатыдағы көрінісі болып табылады. Истерия жедел, сондай-ақ азды-көпті әсер етуші әр түрлі психикалық тұрғыдан жарақаттаушы факторлардың ықпал етуімен пайда болады. Истериялық невроз патологиялық сипаттағы белгілері бар адамдарда тез пайда болады. Невроз түріндегі истерия белгілі бір жарақатты жағдайға реакция ретінде бұған дейін ешқандай истериялық белгісі болмаған адамда пайда болуы мүмкін. Истериялық невроз жастық шақта, бірақ көбінесе, әйелдерде жиі кездеседі. Бірақ бұл аурумен еркектер де аз ауырмайды. Истерияның негізгі белгілерінің бірі — үлкен сенгіштік пен аурудың өзін-өзі сендіруі. Осыдан келіп, симптоматикасындағы әдеттен тыс алуан түрліліктің болуы кеп шығады. Алуан түрлі истериялык, симптомдардың бәрін аурулардың мынадай топтары байқалатын схемаға бөлуге болады: 1) қимылдық кесел; 2) сенсорлық бұзылыстар мен сезімталдықтың бұзылуы; 3) вегетациялық бұзылыс-тар; 4) психикалық кеселдер. Ауру клиникасында бұл кеселдердің нағыз алуан түрде ұштасып келуі кездеседі. Қимылдық бұзылыстар. Истериялық талма, сол сияқты әр алуан түрдегі сал, парез, гиперкинез және басқалар түрінде көрінеді. Тірек-қимыл аппараты толық сақталғанның өзінде жүре алмауы мүмкін. Жүре алмайтын ауру тесекте жатып, аяғын қимылдата алады, аяғымен кез келген қозғалыс туғыза алады. Бірақ аяғынан тұруы мұң екен, босаңсып кетіп, адамның қолдарына сүйеніп қалады, сейтіп, өз аяғымен тұра алмайды. Кейде жүре алмайтын ауру мүлде тұрмастан төсекте бірнеше жыл өткізеді. Истериялық афонияның негізіне дауыс байланыстарының сал болуы жатады. Истерияға әр түрлі селкілдеген қимыл ретіндегі гиперкинездер тән болып келеді; Сенсорлық бұзылыстар немесе сезімталдықтың бұзылуы. Психикалық жарақат салдарынан истериялық соқырлық, меңіреулік, иіс, дәм сезімінің жоғалуы сияқты кез келген бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Истериялық, ауырсынулар дененің әр түрлі бөліктерінде бас ауруы, ішкі ағзалардағы әр түрлі аурулар түрінде тұрақты орын алады да қарқындылығы жағынан да, сондай-ақ ұзақтығы жағынан да әр түрлі болып келеді. Вегетативтік бұзылыстар. Истерия кезінде тамақтың қысылып қалуы, өңештен астың журмеуі, ауа жетіспеушілікті сезіну, зәр жіберудің тежелуі, тегіс бұлшық еттің түйілуіне байланысты іс жүрмеу мен басқа да кеселдер кездеседі. Асқазан жолдарының қандай бір болмасын ауруына ішкі бас суйек қысымының жоғарылауына байланыссыз, бірақ қақпаның түйілуіне қатысты болатын истериялық құсу да байқалады. Мұндай құсу ас қабылдаған кез келген сәтте басталуы мүмкін, кейде асты көрген кезде де құсады, бірақ соған қарамастан әдетте шаршау сезімі мен жүдеуді туғызбайды. <ref>"Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы" Бекмурзаева Э.К., Туртаева А.Е., 2013 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>