Профессиограмма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады. Профессиография — адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы. Адам мен кәсіптің арақатынасын қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстар мен әдістемелік құралдың ақпараттық, болжамдық, келістірушілік қызметін реттеу үшін қолданылады. Профессиограмма түрлерін зерттеудің тереңдігі мен дәлдігі әлеуметтік сұранысқа байланысты. Профессиография кәсіптік қызметтің әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық тарихи, техникалық, құқықтық сияқты жақтарын қамтыды, олардың тиімділігін іс жүзінде арттыратын міндеттерді ұйымдастырады. Профессиограмма — кәсіптік қызметті жан-жақты зерттейтін әдістердің, яғни тәжірибелік мағлұматтарды жинақтайтын (құжаттарды қарастыру, бақылау, сұрастыру, эксперимент, ғұмырнамалық және шығармашылық тәжірибелер), оларға сараптама жасайтын, тәжірибелік бақылауды сапалық тұрғыдан бағалайтын, статистикалық мәліметтерді іріктейтін, сондай-ақ психологиялық түсіндірменің құрылымдық-жүйелік және функциялық-құрылымдық талдау тәсілдерінің жиынтығы.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}