Протомұнай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Протомұнай. Мұнайдың қалыптасуы жер қойнауындағы бүкіл органикалық заттардың диагенез белдемінде биогендік факторлар әсерінен немесс катагенез белдеміндегі термокатализ салдарынан жаппай таушайырлануы нәтижесінде жүзеге асады деп есептейтін ескірген жорамалдар мен тұспалдарға сәйкес туындаған термин — мұнай қалыптастырған органикалық заттар мен солардың есебінен қалыптасқан мұнай аралығында болуы тиіс зат атауы. "Прототаушайыр", "оксишайыртас" терминдері Протомұнай түсінігіне ұқсас ұғымдарды білдіреді. Сайып келгенде, бұлардың бәрі де ескірген терминдер.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}