Простациклиндер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Простациклин (простагландин I2) — Арахидон қышқылының

Артерия мен күре тамырға төсеніш жасушаларда простациклин түзіледі.

Қызметі

Простациклиндер қан ұюына кедергі болады, қан ұюын тежейді. Жасушаларда простациклин концентрациясы тромбоксандар мөлшерінен көбірек болады. Сондықтан тромбоксан жүрек, қан тамырларының ауруларынан сақтау үшін жəне оны емдеу үшін өте маңызды. Простациклиндер қан тамырларында липидтік түйіршіктер (бляшкалар) пайда болуынан қорғайды, жүрек-қан тамырлары ауруларының басталуынан, атеросклероз тууынан сақтайды.

Маңызы

Простагландиндер, тромбоксандар, простациклиндер жəне лейкотриендердің биохимиялық процестердің осы бір қуатты реттеушілерінің атқаратын қызметіне жасалған қысқа шолудан полиқанықпаған май қышқылдарының, ең алдымен арахидон қышқылының қаншалықты маңызды екені байқалады. Осыған орай, адамдар мен жануарлардың денсаулығын сақтау, жұмыс қабілетін арттыру жəне мал өнімін көбейту үшін олардың қорегінің құрамына ауыстырылмайтын май қышқылдарын қосу керек деген күттірмейтін қажеттілік туады.

Дереккөз

<ref>Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы</ref>