Прометафаза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прометафаза - жасушаның митоздық бөлінуінің бес кезеңінің екіншісі. Ядролық конверттің тез ыдырауынан басталады. Бұл фазада ядро қабығы ериді. Осыған байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді де, екі еселенген хроматид (жас хромосомалар) ретсіз таралады. Осыдан кейін іле-шала хромосомалардың жасуша экваторына қарай қозғалу процесі басталады. Бұл метафаза басталғанның көрінісі. <ref>Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008 ж. - 536 бет. ISBN 9965-861-72-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер