Прокурордың өкілеттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прокурордың өкілеттігі

  • Прокурор қылмыстық істер қозғаудың заңдылығын және негізділігін қадағалайды немесе өзі қылмыстық істерді қозғайды, тергеу ісінде жалпы басшылықты жүзеге асырады.
  • Прокурор істі алдын ала тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің одан арғы қозғалысын анықтайды, тергеліп болған істі, атап айтқанда, айыптау қорытындысын прокурор растаса ғана сот өз қарауына алуы мүмкін. Сотта прокурор қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, мемлекеттік айыптауды қолдайды және айыптауды қолдаудан жеке өз басының себептерімен бас тарта алмайды.
  • Прокурор тергеушінің немесе анықтау органының аса маңызды іс жүргізу шешімдерін бекітеді (санкция береді) (қылмысты болдырмау шаралары ретінде қамауға алу, тінту жүргізу, пошта-телеграф корреспонденцияларын тұтқындауды таңдап алу жөніндегі шешімдері).
  • Прокурор тергеуші мен анықтау органының іс-әрекеті жөніндегі барлық шағымдарды қарайды және олар бойынша тиісті шешімдер кабылдайды. Ол тергеу аяқталғаннан кейін істі толық тексеріп шығады.
  • Прокурор анықталған заң бұзушылық бойынша қылмыстық іс козғауға, айыпты адамға тәртіптік немесе басқа жаза қолдану жөнінде ұсыныс жасауға құқылы.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына

арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}