Прилеп
Прилеп (Үлгі:Lang-el) – 64 мың тұрғыны бар Македонияның оңтүстігіндегі қала<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BF</ref>. Қала Пелагония жазығының солтүстігінде , ел астанасы Скопье қаласынан 128 км қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ Прилеп ел билеуде даналығымен, түріктерге қарсы күресте батылдығымен ерекшеленген аңыз тұлға Марко ханзаданың қамалына жақын маңда жайғасқан.
Халқы
Қала тұрғындарының көп бөлігін македондықтар (93 %)құрайды. Алайда қалада сыған азшылығы да өмір сүреді. 2002 жылы өткен санақ бойынша 2002 жылы Прилептегі халық саны – 66 246 адам. Ұлттық құрамы:
- Македондықтар: 61 320
- Албандар: 21
- Түріктер: 123
- Сығандар: 4372
- Влахтар: 16
- Сербтер: 151
- Өзге ұлттар: 226
Тарихы
Прилеп қаласы Рим империясының бір бөлігі ежелгі Стиберр қаласының орнында тұрғызылған қала. 14-ғасырдан бастап ол алты ғасыр бойы Осман империясының қарамағында болды. Ал 20-ғасырда Сербия мен Югославияның иелігіне өткен қала кейіннен Македонияға өтті.
Дереккөздер
<references/>