Придорожное мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Придорожное мұнай-газ конденсат кен орны (Жолмаңылық) – Оңтүстік Маңғыстау ойпаңының Өзен-Жетібай антиклинальдық баспалдағында орналасқан кен орны.

Жатыс сипаты

Мұнайлы қабаттың коллекторы терригендік, саңылаулы. Ұсақ түйірлі құмтастан құралған. Иірімдері қабаттық дөңді, тектоникалық қалқаланған. Су-мұнай жапсары – 3387 м-лік, газ-су жапсары 3844 м-лік белгілерден орын алған. Иірімнің мұнайлы бөлігінің ауданы 2 км2, газды бөлігінікі – 3,8 км2, биіктігі ретінше 16 және 60. Мұнайлы иірілімнің қабаттық қысымы 36,6 МПа, температурасы 135С.

Құрамы

Мұнайы жеңіл, тығыздығы 827 кг/м3, 15% парафин, 7,2% шайырлар мен асфальтендері бар. Газконденсат иіріміндегі қабаттық қысым 43,96 МПа. Ауадағы тығыздығы 0,866 г/м3. Құрамында метан 85,47%, этан 1,6%, изобутан 0,25%. Конденсатта 0,015% күкірт, 2,8% парафин бар. Қабат сулары хлоркальций типті күшті тұздықтар. Кен 1992 жылдан пайдаланылуда.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Придорожное мұнай-газ конденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}