Прешов университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прешовтегі Прешов университеті (словацк. Prešovská univerzita v Prešove) — университеттік типтегі жоғарғы оқу орыны.

Заңдар жинағының №361/1996 заңына сәйкес 1996 жылдың 10 желтоқсанында Кошицедегі Павел Йозеф Шафарик университеті мен Прешов университетінің бөлінуінің арқасында құрылған. Көптеген факультеттердің тарихы ұзақ мерзімді қамтиды.

Словакиядағы факультеттер саны бойынша үшінші орындағы университет. Университетте шамамен 12 500 студент білім алып, 1 000 оқытушы жұмыс істейді.

Университеттің ректоры — профессор, жаратылыстану ғылымдарының докторы Рене Матлович (словацк. René Matlovič).

Факультеттер

Прешов университеті келесі факультеттерден тұрады:

  • Грек католик теологиялық факультеті (1880) 
  • Білім беру факультеті (1949) 
  • Православ теологиялық факультеті (1950) 
  • Философия факультеті (1959) 
  • Өнер және ғылым факультеті (1997) 
  • Денсаулық сақтау басқармасы факультеті (2002) 
  • Менеджмент факультеті (2004) 
  • Спорт факультеті (2004) 

Сілтемелер