Президент резиденциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Президент резиденциясы<ref>Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> , Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, Ақ орда, Астана қаласында Есілдің сол жағалауында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 м2. Қазақстан Республикасы Президенті Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсан күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегенде ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20 — 40 см болатын италиялық мәрмәрден жасалған. Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м, қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. 1-қабатта жалпы ауданы 1800 м2-ты құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиіаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған. Алматыдағы Республика алаңының оңтүстік жағын ала орналасқан. Президент резиденциясы 1995 ж. архитекторлар І.Монтақаев, С.Баймағамбетов, О.Е. Цой жобасымен (конструкторы Т.Алпысбаев, дизайншысы Де Шанель, француздың Буиг фирмасы) тұрғызылды. Президент резиденциясының бас кіре берісіндегі салтанатты холл — бас вестибюль, Алтын зал, Сенім грамоталары залы, ресми делегацияларды қабылдайтын Күміс залы, Президенттік мәжіліс залы, Камин залы мен қосалқы орынжайдан тұрады. Темір-бетонды қаңқадан тұратын ғимараттың 3 және 4-қабатының арқалықтары металдан жасалса, бұрыш пилондары сырғымалы монолитті керамзит-бетонмен бекемделіп шегенделген. Ғимарат қабырғасының жоғарғы сыртқы бетін ашық түсті жылтыр мәрмәр, төмен жағын гранитпен көмкерген. Терезелеріне қолданған бүктемелі шыны айна айналасындағы қоршаған айшықты әсем ортамен жарасым тауып, ғимараттың ғажайып көркін аша түседі. Республика алаңының құрылымдық элементі ретінде архитектуралық шешім тапқан Президент резиденциясы бұрынғы Президент сарайы және оның қос қапталындағы гүлзарлар мен хауыздары бар кең аллеялармен үйлесім тапқан.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Президент резиденциясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}