Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
(1995- ) Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің бірыңғай Аппараты "Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы" 1991 ж.'25 маусымда қабылданған ҚазақnКСР Заңына сәйкес құрылды. ҚР Президентінің 1994 ж. 13 сәуірдегі Жарлығымен бірыңғай Аппарат ҚР Президенті Аппараты мен ҚР Министрлер Кабинетінің Істер Басқармасына бөлу жолымен таратылды.
ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚР Президентінің 1995 ж. '20 қазандағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы" ҚР Президентінің 1995 ж.'20 қазандағы № 2565 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1995, № 33, 412-бап). 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2000 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БУ "Эдельвейс", 2004. 57-61 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 26 қаңтардағы Жарлығымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 24 наурыздағы № 89 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 26 қаңтардағы № 542 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына өзгерту енгізілді. "Парламент Сенатындағы Президент Өкілі, ПарламентМәжілісіндегі Президент Өкілі" жолдары мынадай редакцияда мазмұндалды: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі".
ҚР Президентінің2002 ж. 11 ақпандағы' Жарлығымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы№ 805 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 6, 40-бап).</ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туратуы жаңа ереже бекітілді. ҚР Президентінің Әкімшілігі Республика Презнденті құратын, қайта үйымдастыратын және тарататын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Әкімшіліктің негізгі міндеттері: Президенттің, мемлекет Басшысы жанындағы консультативті-кеңес органдарының қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың қызметін жалпы бақылау, соның ішінде актілер мен мемлекет Басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау; Республика Президентінің шешімдерін сөзсіз, түбегейлі және уақтылы орындау; Республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жағдайы туралы уақтылы әрі толық хабардар ету болып табылады.
Президент Әкімшілігінің құрылымын оның бөлімшелері, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың аппараттары құрады. Президент Әкімшілігінің құрамына Әкімшілік Басшысы, Президенттің көмекшілері, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары; Президенттің кеңесшілері, мемлекет Басшысы қызметтеріне тағайындап және қызметтен босататын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Президент Әкімшілігінің өзге де мемлекеттік қызметшілері кіреді. ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штаттық саны мен құрылымы туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімішлігінің штаттық саны мен мынадай құрылымы бекітілді:
- Президент Әкімшілігінің Басшысы;
- Президенттің көмекшілері;
- Әкімшілік Басшысының орынбасарлары;
- Президенттің кеңесшілері;
- Кеңсе;
- Мемлекеттік-құқықтық бөлім;
- ішкі саясат бөлімі;
- үйымдастыру-аумақтық бөлімі;
- Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы;
- баспасөз қызметі;
- Жүйелі зерттеу орталығы; әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі;
- протокол қызметі; кадр жұмысы бөлімі;
- Бас бақылау инспекциясы;
- Президенттің Парламенттегі өкілдігі;
- бухгалтерия.
ҚР Президентінің 2002 ж. 8 мамырдағы Жарлығымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 8 мамырдағы № 868 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымы Қазақстан халықтарының Ассамблеясымен жүмыс жөніндегі бөліммен толықтырылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы Жарлығымен<ref>6 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 939 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымы жаңа редакцияда мазмұндалды: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Президенттің көмекшілері; Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президент кеңесшілері; Кеңсе; мемлекеттік қүқықтық бөлім; ішкі саясат бөлімі; үйымдастыру-бақылау бөлімі; баспасөз қызметі; Жүйелі зерттеу орталығы; әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі; хаттамалық қызметі; кадр жұмысы бөлімі; Президенттің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің "Байқоңыр" айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты; бухгалтерия. ҚР [Президент|Президентінің 2003 ж. 7 қаңтардағы Жарлығымен<ref>7 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" ҚР Президентінің2003 ж. 7 қаңгардағы № 1014 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref>ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымы конфессионаларалық қатынастар жөніндегі бөліммен толықтырылды.
ҚР Президентінің2003 ж. 16 мамырдағы Жарлығымен<ref>8 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 1094 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 20, 201-бап). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігі туралы ережеге толықтыру енгізілді: Әкімшілік құрылымына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы енгізілді. ҚР Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құрылымына сәйкес өзгерту енгізілді.
ҚР Президент|ҚР Президентінің]] 2004 ж. 31 наурыздағы Жарлығымен<ref>9 "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штаттық саны мен құрылымы туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 15, 184-бап). </ref> ҚР Президенті Әкімшілігінің штаттық саны мен құрылымы бекітілді: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президенттің көмекшілері; Президент Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары және орынбасарлары — басқарма бастықтары; Президент кеңесшілері; Президент Кеңсесі; ішкі саясат басқармасы; үйымдастьфу-бақылау және кадр саясаты басқармасы; мемлекеттік- құқықтық басқармасы; экономикалық саясат басқармасы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы; Президент Протоколы; Президентгің Баспасөз қызметі; Президештің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің Алматы қаласындағы арнаулы өкілі; Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі; Сыртқы саясат орталығы. ҚР Президентінің 2004 ж. 23 сәуірдегі Жарлығымен<ref>10 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 805 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 23 сәуірдегі № 1351 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 19, 235-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туралы ережеге толықтыру енгізілді: Әкімшілік құрылымына бөлімдер мен өзге бөлімшелер басқармалар құрамында қосымша енгізілді; ҚР Президенті Әкімшілігінің құрамына Президент Кеңсесінің бастығы қосымша енгізілді. ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>11 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы № 1478 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 48, 591-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің құрылымына өзгерту енгізілді: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі" деген жолы мынадай редакцияда мазмұндалды: "Парламент Сенатындағы Президент Өкілі. Парламент Мәжілісіндегі Президент Өкілі".
ҚР Президентінің 2004 ж. 11 ақпандағы Жарлығымен<ref>12 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 11 ақпандағы № 1518 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 6, 49-бап). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің құрылымына өзгерту енгізілді: "Парламент Сенатындағы Президент Өкілі. Парламент Мәжілісіндегі Президент Өкілі" деген жолдар мынадай редакцияда мазмұндалды: "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі". ҚР Президентінің 2004 ж. 4 наурыздағы Жарлығымен<ref>13 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына өзгерту енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 4 наурыздағы № 1524 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігінің құрылымы мынадай редакцияда мазмұндалды: Президент Әкімшілігінің Басшысы; Әкімшілік Басшысының Бірінші орынбасары және орынбасарлары; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президенттің көмекшілері; Президент кеңесшілері; Президент Кеңсесі; ақпараттық-талдау орталығы; жалпы бөлім; мемлекеттік-бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі; заң шығару және құқықгық сараптама бөлімі; кадр саясаты бөлімі; қүқық қорғау және сот жүйелері мәселелері жөніндегі бөлім; мемлекеттік қүпиялар мен ақпараттандыруды қорғау жөніндегі бөлім; әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі; қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі; Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы; Мемлекеттік хатшы хатшылығы; Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы; Президенттің Баспасөз қызметі; Президенттің Протоколы; Президенттің Парламенттегі өкілдігі; Президенттің Алматы қаласындағы арнаулы өкілдігі; ахуалдық орталық; әлеуметтік-саяси бөлім; Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі; Сыртқы саясат орталығы; Жүйелі зерттеулер орталығы. ҚР Президентінің 2005 ж. 23 наурыздағы Жарлығымен<ref>14 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгертулер мен то- лықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 23 наурыздағы № 1528 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). </ref> ҚР Президентінің Әкімшілігі туралы ережеге өзгерту енгізілді: құрылымнан бөлімдер мен басқарма құрамындағы өзге де бөлімшелер шығарылды.
Дереккөздер
<references/>