Пракситель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пракситель — б. э. бұрынғы IV ғ. мәшһүр грек мүсіншісі, б. э. бұрынғы 390 ж. шамасында Афиныда туған, өз әкесі мүсінші Кефисодоттың қолында оқыған. Праксительдің творчестволық қызметі б. э. бұрынғы 370—334 жж. жатады, ол Афиныда, Кіші Азия жағасындағы қалалар мен Эгей теңізі аралдарында жұмыс істеді. Ежелгі авторлар оның 40 шақты шығармасын еске алады. Мүсінші өзінің сүйікті материалы мәрмәрді асқан шеберлікпен өңдеп, жарық пен көлеңкенің нәзік құбылыстарын ойната білді. Пракситель бейнелерінен айқын үйлесім, қоңыржай байыптылық, сезімтал сұлулық рухының лебі еседі. Ол көфнесе ғажайып адамгершілігі, сыршыл сүйкімділігімен көз тартатын жас құдайлар мен тәңірияларды бейнелеген. Біздің заманымызға тек «Диониспен тұрған Гермес», (б. э. бұрынғы 330 ж. шамасы. Олимпиядағы музей) мүсіндер тобының ғана түп- нұсқасы жетті. Шебердің өзге шығармалары римдік мәрмәр көшірмелері арқылы белгілі. Әсем бір әдеппен тостағанға шарап құйып жатқан жас сатир мүсінінің 20 шақты көшірмесі сақталған. Ертеде Кос аралына арнап жасалған қалқандағы өз сәулесіне сүйсіне қарап тұрған Афродита мүсіні (Лувр) мен, әсіресе, Афродитаның Книд аралындағы жалаңаш мүсіні (Ватикан мен Мюнхен) зор даңққа бөленген. Бұл мүсіндерге мүсіншінің сүйген жары, әйгілі Фрина ару үлгі болған. Пракситель Аполлонды кесірткеге садағын кезеп тұрған қалпында (Ватикан) сомдап, аңшылық пірі Артемиданы (Лувр) және бейжай демалып отырған Сатирды (Капитолий музейі, Рим) бейнелеген.<ref>Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}