Постжаһандану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Постжаһандану - соңғы кездері көзқарастар, идеялар жиынтығына қатысты әдебиеттерде көп кездесетін, қазіргі жаһанданудың болашақтағы табиғи және әлеуметтік процестерінің әртүрлі даму сценарийін ұсынатын неологизм. Ұғымның әлі толық қалыптасқан мазмұны жоқ, дегенмен, шығу тегі жағынан "пост" қосымшасымен басталатын басқа да үғымдармен (постиндустриалды қоғам, постклассикалық емес ғылым, постмодернизм, постпозитивизм, постструктурализм және т.б.) қатарласты. Барлық жағдайда "пост" (кейін) қосымшасы, бұрыннан жақсы белгілі, нақтылы анықталған, өз атауы бар бір құбылыстың орнын басқан келесі құбылыс жайлы қолданылады. Осылайша, "индустриалды қоғам", "классикалық ғылым", "модернизм" және т.б. әбден қалыптасқан мазмұны бар. "Жаһандану" да енді осы қатарда тұр. Қалыптасқан шеңберден шығатын басқа жаңа шынайылық, жаңа анықтамаларды талап етуінен, "пост" қосымшасын қолданғанда бұрынғы қалыптасқан ұғымның негізінде өзге ұғым қалыптасады. Алайда, бұл жаңа сөздер жасау әрекетінің мүмкіндігі шектеулі, тілді дамыту, жетілдіру саласында өнімсіз, өйткені белгілі бір кезеңде тағы бір "пост" қосымшасы сүранады, сосын тағы... Қазіргі әдебиеттерде "пост" қосымшасын екі мәрте қолданған сөздер де кездеседі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Постжаһандану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}