Поршия Симпсон-Миллер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Portia Miller Shoot.Jpeg
Лукреция Поршия Симпсон Миллер

Лукреция Поршия Симпсон Миллер – (12 желтоқсан 1945 жылы дүниеге келді)- ямайкалық саясат қайраткері, Халықтық ұлттық партияның лидері (2007-2011 жылдардағы оппозицияда) және 2006 жылдың 30 наурызынан 2007 жылдың 11 қыркүйегі аралығында, 2012 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ямайканың премьер-министрі. Ямайканың тарихындағы алғашқы әйел адам премьер-министр. Поршия Симпсон – Миллер Майамидан(АҚШ) басқару, информатика, бағдарламалау мамандығы бойынша жоғары білім алды. Екі рет қатарынан Ямайканың премьер-министрі болып сайланды. 2011 жылдың 11 желтоқсанында өткен сайлауда, Халықтық ұлттық партия жеңіп, парламенттегі 60 орынның 41-іне ие болды.

Дерек көздер

  • 1.Profiles of Cabinet Ministers
  • 2.Политика: Лукреция Поршия Симпсон-Миллер
  • 3.Jamaica People’s National Party secures big poll win. BBC. (ағылш.)