Понтий таулары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Pontic Mountains.jpg
Понтий таулары
Сурет:Pontic Panorama.jpg
Понтий тауларына көрініс
Понтий таулары<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (грек тілінде Pontos — Қара теңіз) — Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Түркия жеріндегі тау жүйесі. Ұзындығы 1000 км, ені 130 км-ге жуық, орташа биіктігі 2500 м. Ең биік жері — Качкар тауы (3937 м). Понтий таулары Батыс Понтий, Шығыс Понтий тауларына және Жанық жотасына бөлінеді. Батысы негізінен құмтас пен әктастан, шығысы гранит, гнейс, кристалды тақтатастардан, жанартаулық жыныстардан тұрады. Понтий тауларының параллель орналасқан тау жоталарын аңғарлар, қазаншұңқырлар және Қызыл Ирмак, Жасыл Ирмак, т.б. өзендердің терең шатқалдары бөліп жатады. Понтий таулары сейсмикалық аудандар құрамына кіреді. Тас көмір кен орындары бар. Солтүстік беткейінде жалпақ және қылқан жапырақты орман, оңтүстік беткейінде таулық-далалық және шөлейт өсімдіктері, бұталар өседі. Понтий тауларында Едыгеллер, Согуксу ұлттық саябақтары орналасқан.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub