Полосухин Александр Порфирьевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Полосухин Александр Порфирьевич<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (9.19.1901, Татарстан Республикасы, Тетюши қаласы — 4.9.1965, Алматы) — ғалым-физиолог, медицина ғылымының докторы (1939), профессор (1939), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1944). Қазақстандағы физиологтар ғылыми мектебінің негізін салған. Пермь мемлекеттік университетін бітірген (1929). 1938 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек етті. 1938 — 63 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі, декан, директордың орынбасары; 1955 — 65 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті, 1945 — 65 ж. Физиология институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері адам физиологиясына арналған. Полосухин адамның қан айналысы мен лимфа айналысының реттелу тәртібін зерттеп, естен тану (шок) патогенезіне сипаттама берді, оған қарсы арнайы дәрі (Полосухин сұйығы) ұсынды. Оның басшылығымен силикоз ауруын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. Шығармалары: Экстрорецептивная и интерорецептивная регуляция кровообращения, дыхания и лимфотока, М., 1952; Материалы по регуляции венозного кровообращения, М., 1955; Избр. труды, А.-А., 1967.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Полосухин Александр Порфирьевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}