Пола Хокинс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Пола Хокинс (Үлгі:Lang-en, 26 тамыз 1972) – «Поездағы қыз»<ref name=Guardian_Saner>Үлгі:Cite news</ref><ref name=NYT_Alter>Үлгі:Cite news</ref> кітабының арқасында танымал болған британдық жазушы.

Өмірі

Хокинс Хараре, Зимбабве елінің астанасында дүниеге келіп, сол жерде өсті. Оның әкесі экономика профессоры және тілші болып жұмыс істейді.1989 жылы 17 жасында ол Лондонға<ref name=RH_profile>Үлгі:Cite web</ref> көшеді. Оксфорд университетіне түсіп, сол жерде философия, саясаттану және экономика сабақтарын оқиды. The Times газетінде журналист болып жұмыс істеп, бизнес туралы мақалалар жазған.

2009 жылға қарай Хокинс Эми Сильвер лақап атын қолданып, романтикалық комедияларды жазған. Ол төрт роман жазды, алайда бұл жұмыстар коммерциялық жетістікке жетпеді. Полаға танымалдық өте салмақты оқиға – үй ішіндегі зорлық, алкоголизм және нашақорлық тақырыптарын қозғайтын триллер – «Поездағы қыз» кітабы әкелді. Бұл бестселлерді жазу үшін Хокинс алты ай жұмсады. Бұл уақыт аралығында ол жұмыс істеген жоқ және кітапты аяқтау үшін ол тіпті әкесінен қарызға ақша алған.

«Поездағы қыз» бестселлер атанды. Ол 2015 жылдың қаңтарында басылып шықты. Наурыздың басында бір миллионнан астам дана, ал сәуірде – бір жарым миллион дана сатылды. Роман 20 апта бойы қатты мұқабада басылған кітаптардың рейтингінде бірінші орында тұрды. Бұл жаңа рекорд болды. 

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер