Подольских Николай Артемьевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Подольских Николай Артемьевич (20.1.1930 жылы туған, Орынбор облысы, Тоцкий ауданы, Марковка село) – партия, кәсіподақ қызметкері, Орынбор ауыл шаруашылық институтын бітірген (1965). 1949 – 50 жылдары Башқұрт АКСР-нің «Ақжар» кеңшарында механик, 1954 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының «Күйік» кеңшарында шеберхана механигі, бас механик, 1954 – 65 жылдары Қазалы ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінде мұғалім, училище директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, 1965 – 74 жылдары облысы парткомның ауыл шаруашылық бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші, 1974 – 85 жылдары облыс партком хатшысы қызметтерін атқарды. 1980 – 81 жылдары Ауғанстанда СОКП ОК-нің кеңесшісі ретінде болды. 1985 – 91 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 1992 – 93 жылдары халық депутаттары облысы кеңесінің ауыл шаруашылық жөніндегі комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» (КСРО), «Халықтар достығы» (Ауғанстан) ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Подольских Николай Артемьевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}