Пневматикалық транспорт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пневматикалық транспорт - ауаның не газдың көмегімен сусымалы және бөлшек жүктерді тасуға арналған қондырғылар мен жүйелердің жиынтығы. Өнеркәсіптік транспорттың бір түрі. Ауа ағынының жасалу тәсіліне не ауа ағынының басқа материалдармен бірге өткізгі құбыр ішіндегі қозғалу шартына немесе құбыр ішіндегі қысымның төмендетілу тәсіліне қарай пневматикалық транспорт қондырғылары сорғыш, айдамалауыш және аралас түрлерге ажыратылады. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер